Ораз Баймұратұлы Баймұратов

Ораз Баймұратұлы Баймұратов

Ораз Баймұратұлы Баймұратов 1935 жылы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында (қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы) дүниеге келген. Мәскеу алтын және түсті металлдар институтын тәмамдаған. Ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясынының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.
1964-1980 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Экономика инситутының кіші ғылыми қызметкері, ғалым-хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1980-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Өндіріс күшін зерттеу жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Республикалар Кеңесі төрағасының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1996 жылдан - Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Қаржы-банктік менеджмент ғылыми-зерттеу институтының директоры болған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12, 13-шақырылымының депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы ғалымдар, инженерлер және білгір мамандар Одағының президенті, Халықаралық ғылыми инженерлік бірлестіктер Одағының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Инженерлер академиясының Экономика бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары болды.
«Методы оценки и анализа эффективности капитальных вложений», «Эффективность научных исследований», «Экономические приоритеты», «Наука и производительные силы», «Национальная экономическая система» атты еңбектері мен 230 астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста