Оңайбек Нұрасылұлы Әбділов
Оңайбек Нұрасылұлы Әбділов 1958 жылы 26 қыркүйекте Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында дүниеге келген. 1985 жылы ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ), 1993 жылы АқтМУ-ды, ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің жоғары мектебін тәмамдаған. Техника ғылымының доктор (1998), ҚР Заң академиясының академигі, полиция полковнигі.
1979 – 1999 жылдары мемлекеттік автомобиль инспекциясында жол қызметі инспекторы, Ақтау қалалық ІІБ МАИ бөлімі бастығының орынбасары, МАИ экологиялық тобының бастығы, ІІБ мемлекеттік күзет қызметі басқармасының бастығы, кадр жұмысы бойынша орынбасар қызметтерін атқарған.
2002 жылдан ҚР ІІМ училищенің бастығы. «Ішкі істер бөлімін кадрмен қамтамасыз етуді болжау және қылмыс пен күресті жоспарлау» атты ғылыми монографияның авторы. «Ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер», «Қоғамдық тәртіпті күзетудегі үздік еңбегі үшін» белгісімен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», ІІ, ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.