Нұрсан Әлімбайұлы Әлімбай
Нұрсан Әлімбайұлы Әлімбай 1954 жылы 5 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясының тарих және этнология институтының аспирантурасын тәмамдаған. Тарих ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстаның еңбек сіңірген қараткері.
Талдықорған педагогикалық институтында оқытушы, 1979 жылдан Қазақстанның Ғылым академиясының Тарих және этнология институтында аға лаборант, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1979 жылдан бастап көптеген этнографиялық экспедицияларға (соның ішінде, халықаралық) қатысты. 1993-1995 жыладары - моңғолияның Баянөлгий ауданына бірқатар этнографиялық экспедициялар ұйымдастырды. 1999 жылдан бастап ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының директоры.
150-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың авторы. 8 ғылым кандидатын даярлады. Мәскеу, Санкт-Петербор, Ташкент, Бішкек, Қазан, Ізмір, Анкара, Анталия қалаларында өткен бірқатар халықаралық ғылыми конференцияларға және симпозиумдарға қатысты.