Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы технология институтын, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Акцепт» корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін соның президенті болды. «КазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания», «Казахойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» акционерлік қоғамдарының президенті болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары болып тағайындалған. 2003 жылдан – «Ланкастер групп Казахстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі болып тағайындалды.