Нұрлан Елеусізұлы Оспанов
Нұрлан Елеусізұлы Оспанов 1971 жылы 5 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігінде 2-санатты экономист қызметінен бастады. Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қаржы департаментінің директоры лауазымында, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасының орынбасары, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылдың қазан айында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Нұрлан Оспанов «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып сайланды.