Нұрғали Жабағыұлы Тәкібаев
Нұрғали Жабағыұлы Тәкібаев 1944 жылы 7 қаңтар Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Физика-математика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Іргелі зерттеулер институтының құрметті докторы (АҚШ, Флорида штаты, Майами қ.)
1970-1988 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Жоғары энергия физикасы институтының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері. 1988-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Ядролық физика институтының зертхана меңгерушісі, Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы, Азия елдері Ғылым академиялары қауымдастығының бас хатшысы. 2004 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының профессоры қызметін атқарады. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері теориялық физика мен астрофизика мәселелеріне арналған. 140-тан астам ғылыми еңбектің авторы.