Наурыз Ғұбайдоллаұлы Айдаров
Наурыз Ғұбайдоллаұлы Айдаров 1956 жылы 13 наурызда Тараз қаласында дүниеге келді. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. 1978-1982 жылдары - Алматы қаласы БЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы. 1982-1984 жылдары - Қазақстан Республикасы «Еңбек» ерікті спорттық қоғамының бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы. 1985-1989 жылдары - әскер, авиация және флотқа жәрдемдесу ерікті қоғамы Фрунзе аудандық комитетінің төрағасы. 1990-1993 жылдары - мектеп-интернатының директоры. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кадр басқармасы бастығының орынбасары, бірінші хатшысы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі, бірінші хатшысы. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Белорусиядағы елшілігінің кеңесшісі. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаменті директорының орынбасары. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кадр және бақылау департаментінің директоры, директордың орынбасары. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі істері жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Грузиядағы Уақытша сенімді өкілі. 2006-2009 жылдары - жаңа шақырту және қауіп-қатерге қарсы әрекет және қауіпсіздік саласының ынтымақтастық жөніндегі департаменті директорының орынбасары, ТМД атқарушы хатшысының - атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың наурыз айынан бастап - ТМД-нің Экономикалық Кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті елшісі, 1-ші санатты кеңесші.
«Степная дипломатия одевается во фрак», «Дипломатический календарь. Министерство иностранных дел Республики Казахстан-10 лет», «Гамарджоба, Сакартвело (Грузия глазами казахского дипломата)», «Посольская грамота» атты кітаптарының авторы.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен және БҰҰ «За миротворческую деятельность» медалімен марапатталған.