Мүбәрак Орынбекұлы Орынбеков
Мүбәрак Орынбекұлы Орынбеков 1946 жылы 12 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Әскери қайраткер, генерал-майор.
Кемеров әскери байланыс училищесін, Әскери байланыс академиясын бітірген.
1967-1992 жылдары - радиостанция взводының командирі, техникалық бөлім батальоны командирінің орынбасары, жеке байланыс батальонының командирі, КСРО Азаматтық қорғаныс Жоғары орталық офицерлер курсының оқытушысы, аға оқытушысы, бастығының орынбасары, цикл бастығы. 1992 жылы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар басқармасы пункт бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің байланыс жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабы бастығының байланыс жөніндегі көмекшісі - Байланыс бөлімінің бастығы. 1992-1997 жылдары - байланыс әскерлерінің бастығы. 1997-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы байланыс әскерлерінің бастығы - Байланыс басқармасының бастығы. 2003-2006 жылдары - Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің әскери атташесі. 2007 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», ІІІ дәрежелі «За службу родине» медальдарымен марапатталған.