Молдияр Молыбайұлы Оразалиев
1974-1976 жылы Шымкент облысы атқару комитетінің ішкі істер басқармасы (ІІБ) қылмысты іздестіру бөлімінің аға инспекторы. 1976-1987 жылы Шымкент қаласының Еңбекші ауданы атқару комитетінің ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, облыстық атқару комитетінің ІІБ-нің қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, Киров ауданы атқару комитетінің ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, 1988 жылы Шымкент облысы атқару комитетінің ІІБ-нің ИЧ-167/2 түзету мекемесі бастығының шұғыл режимдегі орынбасары. 1988-1999 жылы Шымкент қаласында Дзержинск ауданы атқару комитетінің ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, облысы атқару комитеті ІІБ-нің Социалистік меншікті талан-таражға салумен күрес бөлімі бастығының орынбасары, бастығы. ІІБ-нің экономикалық бөлімінің бастығы, криминалды милиция бөлімінің бастығы, облыстық ІІБ бастығының орынбасары, Ақмола облысы мемлекеттік тергеу комитетінің (МТК) басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы МТК төрағасының орынбасары, экономикалық қылмысты тергеу Бас басқармасының бастығы, облысы ІІББ-нің бастығы. 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, Алматы қалалық ІІББ-ның бастығы (2004). 2006-2007 жылдары Қостанай облысы ішкі істер департаментінің бастығы. 2007-2009 жылдары - ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы. 2009-2013 жылдары ТМД қатысушы-мемлекеттері Лаңкестікке қарсы орталығы басшысының бірінші орынбасары болды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.