Молдахмет Қаназ

Молдахмет Қаназ

Молдахмет Қаназ 1942 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бекбауыл стансасында дүниеге келген. 1963 жылы Шымкент педагогика институтының филология факультетін тамамдаған.
1963–1968 жылдары Қызылорда облысы, Қазалы ауданында мұғалім, аудандық газеттің бөлім меңгерушісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1978–1985 жылдары «Жалын» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, 1985–1992 жылдары шығармашылық жұмыста, 1992 жылдан «Денсаулық» журналында бөлім меңгерушісі, 1993 жылдан осы журналдың бас редакторы. «Чика – Дабылдың баласы», «Жер кіндігі» повестері жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлде алған.
«Сонар» (1973), «Жер кіндігі» (1975), «Арна» (1978), «Ақ тайлағым-ай» (1980), «Свет далекого солнца» (1982), «Құм қойнау» (1984), Старая зимовка» (1985), «Армандай алыс жағалау» (1988), «Экспресс из полынной степи» (1989), «Жаңбырлы жаз» (1991), «Чика – сын Дабыла» (1991), «Қияндағы күн нұры» (1993), «Жанқожа» (2001) атты кітаптары жарық көрді. «Ел қорғаны ер Жәкем» (2007) (С.Қалуовпен бірге) атты жинақ құрастырып шығарды.
«Қияндағы күн нұры» повесі грузин тіліне аударылды. В.Карповтың «Тірілей ұсталсын» романын, болгар жазушысы Е.Пелиннің бірсыпыра әңгімелерін, И.Мелеевтің «Шатырұстар мырза» повесін, орыс жазушысы В.Распутиннің әңгімелерін тәржімалады.
«Жанқожа» атты үш актілі тарихи драма, бірнеше танымдық проблемалық зерттеу мақалалар жазды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста