Мінуар Әкімханов
Мінуар Әкімханов 1943 жылы 17 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1970-1995 жылдары Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданындағы «Хантәңірі» (бұрынғы «Советтік шекара») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1996-1997 жылдары мемлекеттік «Санат» баспасында редакторлық қызметтерін атқарды. 1998-2004 жылдары республикалық «Қазақ елі» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет істеген. 2005-2006 жылдары «Арыс» баспасында редактор болған.
«Тұңғыш» (1978), «Шалқия» (1981), «Жырға сапар» (1984), «Жалғыз арша» (1998), «Айғай тас» (2004), «Қош келдің, қоңыр күз» (2006), «Шалкөде» (2008) атты өлең кітаптары жарық көрген. Әдебиеттің әр алуан мәселелері жайында жазған «Жер басып жүргеніңнің өзі – ырыздық» және «Айтып өлген ақында арман бар ма?» атты сыр-сұхбаты сыншы-ғалым З.Серікқалиұлының «Алтын жамбы» (2003) атты кітабына енген.
Райымбек ауданының Құрметті азаматы.