Мейрам Ақатұлы Аюбаев
Мейрам Ақатұлы Аюбаев 1963 жылы 1 мамырда Алматы облысының Таутүрген ауылында дүниеге келген. 1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын үздік тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.
1980 жылдан – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1984 жылдан – Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ № 1 тергеу изоляторы жедел бөлімінің жедел өкілі. 1986 жылдан – ҚазКСР ІІМ ТІББ Режим және жедел жұмыс басқармасы түрмелердің тергеу изоляторлары бөлімінің жедел өкілі, аға жедел өкілі, АМІ жөніндегі аға жедел өкілі. 1993 жылдан – Алматы облыстық ІІБ Криминалдық милиция басқармасы жанындағы есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімінің бастығы. 1996 жылдан – Алматы облысы Қаскелең ауданы бойынша МТКБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары. 1997 жылдан – Алматы облыстық ІІБ Райымбек аудандық ІІБ бастығы. 1998 жылдан – Алматы облыстық ІІБ Әкімшілік полиция қызметінің бастығы. 2000 жылдың наурыз айынан – Алматы облыстық ІІБ Қылмыстық іздестіру басқармасының бастығы. 2000 жылдың маусым айынан – Алматы облыстық ІІБ Еңбекшіқазақ АІІБ бастығы.
2001 жылдан – Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары. 2007 жылдың қазан айынан бері – ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы. 2010-2013 жылдары – ҚР ІІМ Көші-қон полициясы комитеті төрағасының орынбасары, әділет генерал-майоры. 2013 жылдың тамыз айында ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» (2004), «ҚР Ішкі істер органдарының ардагері» (2006), 2-ші дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» (2006), 1-ші дәрежелі «Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызмет үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» (1991), «Үздік қызметі үшін» (1999), «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» (2002), «Қазақстан полициясына 15 жыл» (2007), РФ ЖОФҚБ «Жауынгерлік еңбегі үшін» (2008), «ҚР Қаржы полиция 15 жыл» (2009), «Қылмыстық атқару жүйесін дамытуға қосқан үлгі үшін» (2010), «ҚР Тәуелсіздік 20 жыл» (2011), «ҚР полициясына 20 жыл» (2012) төс белгілерімен марапатталған.