МЕЙІРБЕКОВ Бердібек Қуанұлы
МЕЙІРБЕКОВ Бердібек Қуанұлы 1962 жылы 2 желтоқсанда Шымкент облысында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика институтын бітірген, экономист. 1983 жылдан - КСРО Мемлекеттік банкінің Созақ бөлімшесінде 2-разрядты кассир-сарапшы. 1988 жылдан - Агроөнеркәсіптік банктің ақша айналмаы жөніндегі уәкілі. 1991 жылдан - Шымент облысының Таукент кентінде Агроөнеркәсіпбанкі филиалының меңгерушісі. 1992 жылдан - «Әлембанк Қазақстан» АҚ-да жетекші экономист, бас экономист, басқарма бастығы, басқарма төрағасмының орынбасары. 1995 жылдан - Орталық азия ынтымақтастық және даму банкінің вице-президенті. 1988 жылғы мамырдан - ҚР Премьері Кеңсесі құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 1999 жылдан бері.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.