Медғат Кәрімұлы Құлжанов 1946 жылы 24 желтоқсанда Семей облысының Аякөз қаласында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетін бітірген (1971), инженер-құрылысшы.
1971 жылдан - «Басалматықұрылыстың» шебер-прорабы, аға прорабы. 1973 жылдан - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының аспиранты, ғылыми-зерттеу секторының аға ғылыми қызметкері, зертхана жетекшісі. 1976 жылдан - «Талдықорғанауылқұрылыс» ЖМК бас инженері. 1982 жылдан - КСРО Энергетика министрлігі «Екібастұзэнергқұрылыс» құрылыс басқармасының бастығы. 1984 жылдан - «Монолитқұрылыс» құрылыс басқармасы зертханасының бастығы, басқарма бастығы (Гурьев облысы). 1986 жылдан - «Монолит» құылыс компаниясының төрағасы (Қапшағай қ.). 1992 жылдан «ҚУАТ» холдинг компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы. 1994 жылдан - «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС БК бас директоры. 2005 жылдан - «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС БК директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, меценат;
«Құрмет» орденімен марапатталған (1999). 2 кітаптың, 3 мақаланың авторы. «Оңтүстік Торғай алабының тектоникалық дамуы және мұнайгаздылығы» монографиясының серіктес авторы (2004). 2 авторлық куәліктің иегері.
Медғат Кәрімұлы Құлжанов
Последние статьи автора