Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев
Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев 1961 жылы 22 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келді. Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Күрті аудандық ішкі істер бөлімнің күзет бөлімінде жұмыскерліктен бастап, кейіннен құрылыс мекемесінің жұмысшысы, кеңшардың жұмысшысы болды. 1986-1989 жылдары - Күрті аудандық коммуналдық мекемесінің шебері, бас инженері. 1989-1991 жылдары - Күрті ауданының бас сәулетшісі. 1991-1996 жылдары - Күрті аудандық жылу жүйелері мекемесінің директоры. 1998-1999 жылдары - Талғар аудандық жылу жүйелері мекемесінің директоры, Алматы облыстық жылу жүйелері мекемесінің бас директоры. 1999-2001 жылдары - «Алаутрансгаз» АҚ Алматы филиалының менеджері, бөлім меңгерушісі, «Жетісугаз корпорациясы» ААҚ «Алматыгазсервис» Іле филиалының бастығы. 2001-2002 жылдары - Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің әкімі. 2002-2005 жылдары - Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі. 2005-2007 жылдары - Жамбыл ауданы әкімінің және Қарасай ауданы әкімінің орынбасары. 2009 жылғы мамыр-қыркүйек айларында - облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы. 2009-2011 жылдары - Жамбыл ауданының әкімі. 2011 жылғы сәуірден 2012 жылғы қаңтарға дейін - Талдықорған қаласының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы маусымға дейін - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылы Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі. 2013 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.