Марат Қосылұлы Омаров
Марат Қосылұлы Омаров 1963 жылы 11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданының Пресновка селосында туған. 1985 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын бітірді.
Еңбек жолын 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Куйбышев атындағы зауыттың шебері болып бастады. 1988–1996 жылдары Куйбышев атындағы зауыттың цех басшысының орынбасары, цех басшысы болып қызмет етті. 1996–1997 жылдары СҚО өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету облыстық департаментінің жетекші, бас маман, бөлім бастығы қызметін атқарды. 1997–1998 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жолаушылар тасымалдау басқармасының бөлім бастығы. 1998–1999 жылдар аралығында СҚО өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет көрсету департаменті бастығының міндетін атқарушы. 1999–2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ филиалының бөлім бастығы, директор орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетiнің басқарма бастығының орынбасары, бастығы. 2006–2010 жылдарында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры. 2010 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы «Мұнай-газ қондырғыларының конструкторлық бюросы» ЖШС директоры. 2013 жылы 28 маусымда Марат Қосылұлы Омаров Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.