Марат Нұрланбекұлы Сандыбаев

Марат Нұрланбекұлы Сандыбаев 1965 жылы 8 ақпанда Павлодар қаласында медицина қызметкерлері отбасында дүниеге келген. 1982 жылы Семей облысы Үржар ауданындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепті бітірді. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1982 жылы Семейдің медициналық институтына түсіп, оны 1988 жылы емдеуші-дәрігер мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Өзінің еңбек жолын 1988 жылы Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада анестезиолог-реаниматолог дәрігерінен бастады. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында медициналық пунк дәрігері қызметін атқарды. 1996 жылы маусымнан бастап Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерінде директордың әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 1998 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан Өңірлік онкологиялық диспансерінің директоры болып қызмет етуде.
2002 жылдың қараша айында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы дәрігерлері мен провизорларының II съезіне делегат болып, денсаулықты қорғау саласындағы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен марапатталды.2003 жылы Хиросима қаласында (Жапония) «Country Focused Training Course in Health Management» білімін жетілдірді.
2005 жылы қалқанша без обыры бойынша онкологтардың Европалық мектебі семинарына қатысты.
2006 жылы «Онкологиялық науқастарды емдеудің заманауи әдістері» тақырыбында өткен Ресейдің ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. 
Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Шығыс Қазақстан облысының III шақырылған облыстық маслихатының депутаты.
2007 жылы ШҚО денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ҚР Президентінің 07.12.2007 ж. №4343 Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2008 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады. ҚР денсаулық сақтау министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің шешімімен 26.12.2008 ж. (№8 хаттама) М.Н.Сандыбаевқа Медицина ғылымдарының докторы атағы берілді.
2009 ж. - ҚР ДСМ білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 22.07.2009ж. (№6 хаттама) шешімімен Семей қаласы СММУ онкология кафедрасының доценті.
Дәрігерлерге арналған 150 астам әдістемелік ұсынымдардың, баспа жұмыстарының авторы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста