Мақсат Ғадылбекұлы Слямбеков

Мақсат Ғадылбекұлы Слямбеков

Мақсат Ғадылбекұлы Слямбеков 1976 жылы 1 қаңтарда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Құндызды ауылында туған. Әкесі Ғадылбек пен анасы Үмітжанның тұңғышы болғандықтан Қанша әжесінің бауырында өсіп тәрбиеленеді. 80 жастан асқан қарт әже сәбидің атын Мақсат деп өзі қойып, немересін қасиетті туған жерінің, ата-бабасының шежіресін біліп өсуге тәрбиеледі. Ол кісі 96 жасқа келіп өмірден өтті. Кезінде белгілі қаламгер Кәмен Оразалин өз шығармаларында бұл әулетті «Билер әулеті» деп атап, әулеттен шыққан атақты адамдар туралы кеңірек әңгімелеген. Әкесі Ғадылбектің мамандығы инженер электрик. Ол кісі өз ісінің білгірі және құралайды көзге атқан мерген, елге сыйлы адам болған. Анасы Үмітжан Ақсуат ауданындағы ел-жұртқа қадірлі әулетте дүниеге келген.
Мақсат туған ауылы туралы «Менің ауылым картада «Жүрекадыр» - деп жазылады, олай аталуының себебі алыстан қарағанда жүрекке ұқсайтындықтан шығар деп ойлаймын. Бірақ, біздің елге қарай барып Жүрекадыр десеңіз сол ауылдың тұрғындарынан басқа адамдар ондай ауылдың бар екенінен хабарсыз. Мен туғанда ол ауылдың аты «Жданов совхозы» деп аталды, кейін «Құндызды» болып өзгерді. Құндызды атауын 1992 жылы алғанда ауыл адамдарының қатты қуанғаны әлі есімде. Бұл атаудың өзіндік себептері бар. Кезінде ауылдың ішімен өзен ағып өтетін, біздің ел сол өзенді жағалай жайлап мекендеген екен. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда өзеннің бойында құндыздар өте көп болыпты», - дейді.
Мақсат Құндызды орта мектебін 1992 жылы бітіріп шықты. Мектеп қабырғасында жүріп спортпен шұғылданып, 1988 жылы жасөспірімдер арасында самбодан спорт шебері дәрежесін алды. Домбыра үйірмесіне қатысып мектеп оркестрінде өнер көрсетті.
Мектеп бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп 1997 жылы тәмамдады.
Еңбек жолын «Алматы» телеарнасында тілші болып бастады. Қазір осы телеарнаның арнайы бағдарламалар бөлімінің Бас редакторы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста