Манас Мәжитұлы Сабаншиев
Манас Мәжитұлы Сабаншиев 1971 жылы 21 қазанда Талдықорған облысы Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, заңгер.
1993 жылдан - Алматы облысы Калинин аудандық прокуратурасында сынақ мерзімінен өтуші. 1994 жылдың қаңтар айынан - Алматы қалалық прокуратурасының тергеу басқармасында сынақ мерзімінен өтуші. 1994 жылдың ақпан айынан - Алматы қалалық прокуратурасының тергеу басқармасында қасақана адам өлтірулерді ашу және тергеу бөлімінің тергеушісі міндетін атқарушы. 1995 жылдан - Алматы қаласы Совет аудандық прокуратурасының аға тергеушісі. 1996 жылдың қаңтар айынан - Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша МТКБ тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі. 1996 жылдың ақпан айынан - ҚР МТК Бас тергеу басқармасы талдау және есеп жүргізу бөлімінің АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 1996 жылдың желтоқсан айынан - ҚР МТК Жалпы қылмыстық істер бас басқармасы жанындағы тергеу басқармасының аға тергеушісі. 1997 жылдың қаңтар айынан - ҚР МТК Экономикалық қылмыстарды тергеу бас басқармасында шаруашылық қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі. 1997 жылдың мамыр айынан - ҚР МТК Экономикалық және лауазымдық қылмыстарды тергеу департаментінде тергеу бөлімінің аға тергеушісі, 1997 жылдың тамыз айынан - АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 1997 жылдың қараша айынан - ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаменті Тергеу-жедел жұмысын ұйымдастыру басқармасында алдын ала тергеуді ұйымдастыру бөлімінің АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 1997 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Қаржы министрлігі Салық полициясы Департаментінің Тергеу басқармасында тергеу өндірісі бөлімінің АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 1998 жылдың мамыр айынан - ҚР Қаржы министрлігі Салық полициясы комитеті Бас тергеу басқармасының тергеу бөлімінде тергеу өндірісі басқармасының АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 1998 жылдың қазан айынан - ҚР МКМ Салық полициясы комитеті Бас тергеу департаментінің тергеу бөлімінде экономика саласындағы лауазымдық қылмыстарды тергеу бөлімінің аға тергеушісі. 1999 жылдың қаңтар айынан - ҚР МКМ Салық полициясы комитеті Бас тергеу басқармасының тергеу бөлімінде салық салу саласындағы қылмыстарды тергеу бөлімінің АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 1999 жылдың мамыр айынан - ҚР МКМ Салық полициясы комитеті 2-бас басқармасының 2- басқармасында 1-бөлімнің АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 2000 жылдан - ҚР МКМ Салық полициясы комитеті Бас тергеу басқармасының Тергеу бөлімінде салық салу саласындағы қылмыстарды тергеу бөлімінің АМІ жөніндегі аға тергеушісі. 2001 жылдың ақпан айынан - ҚР Қаржы полициясы агенттігі Тергеу және анықтау департаментінің тергеу басқармасында қаржы қылмыстарын тергеу бөлімінің бастығы, 2002 жылдың шілде айынан - АМІ жөніндегі аға инспекторы. 2002 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Қаржы полициясы агенттігі Тергеу және анықтау департаментінің Тергеу басқармасында экономикалық тергеу бөлімінің бастығы. 2003 жылдан - ҚР Қаржы полициясы агенттігінің Экономикалық және салық қылмыстарын тергеу департаментінде экономикалық және салық қылмыстарын тергеу бөлімінің бастығы. 2004 жылдың мамыр айынан - ҚР ЭҚСЖҚКА (қаржы полициясы) Тергеу департаментінде Сыбайлас жемқорлық пен лауазымдық қылмыстарды тергеу басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарушы. 2004 жылдың маусым айынан - Алматы қаласы бойынша ЭҚСЖҚҚЦ (қаржы полициясы) тергеу басқармасының бастығы, 2004 жылдым шілде айынан - ЭҚСЖҚКД бастығының орынбасары, 2005 жылдан - БҚО бойынша ЭҚСЖҚКД (қаржы полициясы) бастығының орынбасары. 2006 жылдың наурыз айынан - ҚР ЭҚСЖҚКА Тергеу департаментінде сыбайлас жемқорлық пен лауазымдық қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы, 2006 жылдың маусым айынан ақпараттық-әдістемелік бөлімнің бастығы. 2008 жылдан Атырау облысы бойынша ЭҚСЖҚКД (қаржы полициясының бастығының орынбасары. 2010 жылдың наурыз айынан бері - Павлодар облысы бойынша ЭҚСЖҚКД (қаржы полициясы) бастығы. Қаржы полициясының полковнигі.