Искандер Қалыбекұлы Бейсембетов
Искандер Қалыбекұлы Бейсембетов 1966 жылы 27 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Мәскеу экономика-статистикалық институтын және аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты, «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының корреспондент мүшесі.
1994-1995 жылдары - «Тенгри» ақпараттық-талдамалық акционерлік қоғамының төрағасы. 1995-1999 жылдары - Экономикалық зерттеулер институты директорының орынбасары, директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы. 2003-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның басқарушы директоры. 2004 жылдан бастап Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры.
Бірнеше кітаптың және 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.