Ибрагимова Ләззат

Ибрагимова Ләззат

Ибрагимова Ләззат Еркінқызы 1972 ж. 7 қарашада Ақмола облысында туған. 
1994 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын «АӨК саласындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған, 2003 ж. – Еуразиялық гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1995 ж. Л.Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқытушылық қызметтен бастаған. 
2004 ж. ҚР БҰҰДБ экономикалық даму бағдарламасының ұлттық сарапшысы болып жұмыс істеді. 
2004 ж. тамыз айынан 2009 ж. қаңтарына дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ корпоративтік дамыту, даму стратегиясы мен талдау, оқыту мен консалтинг департаменттерін басқарды. 
2009 ж. қаңтарынан «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және даму институттарын басқару Дирекциясының арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері болып қызмет атқарды.
2009 ж. 17 тамызынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2011 жылдың 13 сәуірінен бастап, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы.
Наградалары:
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хаты;
Экономикалық даму және сауда министрінің мақтау қағазы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медаль;
«Атамекен» Қазақстанның бизнес-қауымдастығының ортақ мүдделерін іске асырудағы және бизнестің, азаматтық қоғамның және мемлекеттің өзара тиімді әрекет етуін қалыптастырудағы ерекше еңбегі үшін медалі;
«Ажар» Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамның тануы жөніндегі ұлттың сыйлығы» республикалық конкурсының «Қаржы» номинациясы бойынша конкурстың лауреаты.
Қосымша кәсіби және қоғамдық қызмет:
«Қазақстан Тұрғын үй жинақ банкі» Директорлар кеңесінің мүшесі (2009-2010 жж.).
Коммерциялық емес «Кәсіпқор» Холдинг» АҚ тәуелсіз директоры- Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.
Басқарма төрайымы орынбасарларының, Төрайымның кеңесшілері мен көмекшілерінің, басқарушы директорлардың, Халықаралық ынтымақтастық және қашықтық консалтинг департаментінің, HR-қызметі мен «Даму» Қорының аймақтық филиалдарының жұмыстарына жетекшілік етеді.
Отбасылы, үш баласы бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста