Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, мамандығы экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.
Институтты бітірген соң 1987-1994 жылдары Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға инспектор, бөлім бастығы болып жұмыс істеген. 1994-1995 жылдары – ҚР Жоғары Кеңесі Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің консультанты. 1995 - 2003 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек департаментінің директоры, Зейнетақымен қамтасмасыз ету және халықтың кірісін реттеу департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді. 2003 жылғы наурыздан 2005 жылғы желтоқсанға дейін – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2005 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы қазанға дейін – «Өмірді сақтандыру компаниясы – Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ басқармасының төрайымы. 2006 жылғы қазаннан 2007 жылғы қазанға дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қаңтарға дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2008 жылғы қаңтардан 2009 наурызға дейін – ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы. 2009 наурыздан бастап – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы. 2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың сәуір айына дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың қараша айынан бастап - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.