Гүлмира Әлібекқызы Қаракөзова
Гүлмира Әлібекқызы Қаракөзова 1971 жылы 24 желтоқсанда Ресейдің Қорған қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
«Қайтарылған есімдер» арнайы репортаждар сериясының, «Қазақстан» ҰТК-ның «Паритет» тікелей эфир телевизииялық жобасының, «Астана» радиосындағы «Жұлдызды Астана» жобасының, Астананың 10 жылдығына арналған «Басты қалалар» тележобасының авторы.
1993 жылдан - Торғай облыстық телевизиясында жастар бағдарламаларының редакторы. 1977 жылдан бастап - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында - тілші, 1999 жылдан - редактор, 2001 жылдан - ақпараттық талдау бағдарламалары дирекциясының бас редакторы. 2004 жылдан «Астана» радиосының директоры.
«Астана» (2008) медалімен, ҚР Президентінің алғысхатымен марапатталған, «Мәдениет қайраткері», «Іскер» республикалық конкурсының «Масс-медиа саласындағы іскер адам» аталымында лауреат.