Ғарифолла Есім

Ғарифолла Есім

Ғарифолла Есім 1947 жылы 15 сәуірде Павлодар облысы, Лебяжі ауданындағы Жалтыр көлінің шығыс жағалауындағы шағын ауылда туған. 1970 жылы Семейдің педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітіріп, сонда философия және саясаттану кафедрасында оқытушы болып орналасқан. 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген. 1974–1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУдің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттің ғылыми кеңесінде «Диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
1978–1983 жылдары Семей педагогика институтында көркемсурет факультетінде декан, 1983–1989 жылдары осы институтта философия кафедрасының меңгерушісі, 1989–1991 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының философия және құқық институтында аға ғылыми қызметкер, 1991–2001 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіндегі философия және ғылымдар методологиясы кафедрасының доценті, профессор, 1992–1998 жылдары көркемсурет факультетінің деканы, 1998–2001 жылдары философия және ғылымдар методологиясы кафедрасының меңгерушісі, 2001 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазМУдің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болды.
1994 жылы «Абай дүниетанымындағы Алла мен Адам болмысы» деген тақырыпқа «09.00.06. – дінтану, теология» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғаған. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған.
«Хакім Абай» (1994), «Санадағы таңбалар» (1994), «Абайдың дүниетанымы мен философиясы» (1996), «Прошлое в настоящем» (2003), «Адам – зат», (2003) сияқты кітаптардың авторы.
Ғ.Есім – Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығының (1994), Республикалық Абай қорының арнайы сыйлығының (1995), Яссауи атындағы «KATEV» Халықаралық Қоры сыйлығының (2000) иегері, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбектері үшін» белгісімен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста