Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, философия ғылымдарының кандидаты. 1995-2004 жылдары ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің атташесі, ІІІ хатшысы, І хатшысы, кеңесші-елші. 2004 жылдан - ҰҚШҰ жанындағы ҚР-ның Өкілетті өкілі. 2004-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы. 2006-2008 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2008 жылғы желтоқсаннан - ҚР-ның Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы ақпаннан - ҚР-ның Латвия, Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2012 жылғы маусымнан бастап ҚР-ның Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Эстониядағы елші міндетін қоса атқарушы.