Ғалым Байназарұлы Байназаров
Ғалым Байназарұлы Байназаров 1944 жылы 17 қыркүйекте Торғай облысы Жангельдин ауданында дүниеге келген. 1969 жылы АХШИ-ды экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік банкінің үздігі.
1969-1976 жылдары - Мемлекеттік банкі Торғай бөлімшесінің несие инспекторы, басқарушысы. 1976-1985 жылдары - Мемлекеттік банкі Арқалық қалалық басқармасының бастығы. 1985-1987 жылдары - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы. 1987-1992 жылдары - Қазагроөнеркәсіп банкі төрағасының 1-орынбасары. 1992-1993 жылдары - ҚР Ұлттық банкінің Басқарма төрағасы. 1994-1995 жылдары - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. 1995-1996 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің кеңесшісі. 1996-98 жылдары - «Қазпочтабанк» ЖАҚ шетелдік инвестициялар департаментінің директоры. 1997-98 жылдары - «АТРЕМ» қаржы-инвестициялық компаниясының бас директоры. 1998-2002 жылдары - Қазақстан сақтандырушылары одағының төрағасы. 1999-2002 жылдары - «Халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ президенті. 2000-2002 жылдары - ҚР Көлік құралдарының жүргізушілері одағының Орталық кеңесі төрағасының кеңесшісі. 2002-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2005-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі болды.
«Парасат» орденімен, (2005); «Мемлекеттік банк үздіңгі» белгісімен, грамоталармен марапатталған.