Есенгелді Шәйкенұлы Кәрібаев
Есенгелді Шәйкенұлы Кәрібаев 1954 жылы 13 мамырда Көкштау облысының Қызылту ауданының Бұланбай селосында дүниеге келген. 1976 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша аяқтап, экономист-ұйымдастырушы біліктілігі берілді.
Еңбек жолын 1971 жылы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының шопан көмекшісі ретінде бастады. 20 жылдан артық Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірқатар совхоздарында бас экономист болып жұмыс істеді. 1997 жыл және 2000 жыл аралығында Ленин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымында еңбек етті. 1997 жыл және 1999 жыл аралығында Ленин ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында, одан ары Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің қасындағы мемлекеттік қызмет Академиясын аяқтағаннан кейін жерлердің пайдалануын бақылау және қорғау жөніндегі Солтүстік Қазақстан мемлекеттік инспекциясының бастығы болып тағайындалды. 2000 жыл және 2006 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі лауазымында, содан кейін 2006 жыл және 2008 жыл аралығында жер ресурстарын басқару жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық басқармасының бастығы, 2008 жыл және 2009 жыл аралығында — ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостнай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мекемеаралық жер инспекциясы бастығының орнбасары болып жұмыс істеді, 2009 жылғы 19 мамырдан қазіргі уақытқа дейін «Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы лауазымында қызмет атқарады.