Есберген Тоқшылықұлы Божанов
Есберген Тоқшылықұлы Божанов 1943 жылы 1 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылында дүниеге келген. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Жоғары мектеп ғылым академиясының, Ұлттық инженерлік академияның академигі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Ақтау қаласының құрметті азаматы.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1966-1976 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Математика және механика институтының аспиранты, аға инженері, аға ғылыми қызметкері. 1976-1990 жылдары - Ақтау қаласындағы Қазақ политехникалық институтының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, жалпы техника факультеті деканының орынбасары, деканы. 1990-1993 жылдары - Қазақ политехникалық институты Маңғыстау филиалының директоры. 1993-1996 жылдары - Ақтау политехникалық институтының ректоры. 1996-2004 жылдары - Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің ректоры. 2001 жылдан Қазақ бас сәулет құрылыс институты Үздіксіз білім беру институтының директоры болған.