Ерхан Болатжанұлы Омаров
Ерхан Болатжанұлы Омаров 1979 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін инженер-механик, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы қала әкімі аппаратының құрылыс және инженерлік коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы, бас маманы болып бастады.
«Жөндеусервис» ЖШС директоры, «Тазалық» КМК директоры, қала әкімінің кеңесшісі, «Ақтөбе қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары, бастығы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады. 2012 жылғы қаңтардан - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2012 жылғы 17 ақпанда Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.