Ермұхамед Құдабайұлы Есенов
Ермұхамед Құдабайұлы Есенов 1945 жылы 22 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниег келді. Техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.
Қазақ химия-технология институтын бітірген. Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, деканы, Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану-гуманитарлық институты оқу ісі жөніндегі проректоры, оқу ісі жөніндегі вице-президенті, Түркістан бөлімі директоры, «Мирас» университетінің ректоры, Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің ректоры қызметтерін атқарған.
Есенов кибернетика мен химия-технология модельдеудің жүйелі талдау әдістерін пайдалану негізінде ағын суды тазартудың икемді жүйесін жобалау әдістемесін жасаған. Оның бірқатар ғылыми еңбектерін Қазақстан мен Ресейдің химиялық зауыттары пайдаланады.
70-тен аса ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.