Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев 1959 жылы 26 желтоқсанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1982 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Кингстон университетінің магистратурасын (Лондон қ.) және «General management» ХША Мәскеу әлеуметтік және экономикалық ғылымдар мектебін бітірген. «Ұңғыманың вертикалды діңгегіндегі қайтарушы» авторлық куәлігіне ие (1986).
1982 жылдан - Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері. 1984 жылдан Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасының бұрғылау шебері, ауысым бастығы. 1987 жылдан — Құмкөл тереңнен бұрғылау пайдалану экспедициясы бастығының орынбасары, бас инженері, бастығы. 1989 жылдан - Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасының кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1991 жылдан - Маңғыстау облыстық табиғат қорғау комитетінің бөлім бастығы, Маңғыстау облыстық экологиялық және табиғат пайдалану комитеті төрағасының орынбасары. 1993 жылдан «Қазақстанмұнайгаз» компаниясының сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас маманы, мұнай, маркетинг және коммерциялық операциялар жөніндегі департаментінің бастығы. 1995 жылдан - Лондондағы ҚР сауда үйінің мұнай департаментінің бастығы, «Дрилкон Инк.» фирмасының Қазақстан Республикасындағы кеңесшісі, Қазақстандағы америкалық компания филиалының басқарушы директоры. 1997 жылдан «ҚуатАмлонМұнай» БК бас директорының орынбасары. 1999 жылдан - «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ вице-президенті. 2001 жылдан - «Шевронмұнайгаз» компаниясының коммерциялық менеджері. 2005 жылдан - «Кұрманғазы Петролеум» ЖШС-ның бас директоры. 2007 жылдың сәуір айынан - АҚ «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, 2007 жылдың қыркүйек айынан «ҚазМұнайТеңіз» АҚ-ның бас директоры.
«Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісімен, «Самұрык-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның (2009) Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев
Последние статьи автора