Ермағанбет Қабдоллаұлы Бөлекбаев
Ермағанбет Қабдоллаұлы Бөлекбаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. «Қазкоммерцбанк» Ашық акционерлік қоғамы филиалының жобалар мен сауданы қаржыландыру бөлімінің экономисі, Астана қаласындағы «Бизнес-Ақпарат» ақпараттық-коммерциялық орталығы өкілдігінің директоры. 1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің сауда қызметін реттеу департаментінің экспорттық бақылау және экспорт пен импортты лицензиялау басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бас маманы. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Павлодар облысы әкімінің көмекшісі, Павлодар облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары. 2006-2008 жылдары - Павлодар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі, Павлодар облысы Павлодар ауданының әкімі. 2008-2009 жылдары - Павлодар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының бастығы, тәртіптік кеңесінің төрағасы. 2011 жылдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңестің төрағасы. 2013 жылғы шілдеден бастап Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі.