Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов 1959 жылғы 28 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (халықаралық экономикалық қатынастар), КССР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (сыртқы саясат және халықаралық қатынастар тарихы) бітірген. Ағылшын, хинди, урду және француз тілдерін меңгерген.
1985 жылғы шілдеден бастап дипломатиялық қызметте. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде консулдық қызметте, протоколдық-саяси бөлімде, баспа және ақпарат, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімдерінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің І хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Америка елдері бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі – Департамент директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болған. 2002 жылғы маусымнан – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Королдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Швеция Королдігіндегі, Норвегия Королдігіндегі, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарған. 2007 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылғы шілдеден 2012 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарды. 2012 жылғы 28 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, Президенттің Алғысымен, «Астана» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.
Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті Елші.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста