Еркеш Көкенұлы Шәкеев
Еркеш Көкенұлы Шәкеев 1962 жылдың 5 мамырында Көкшетау облысында Рузаевка ауылында Қазақстан ақындары одағының бірінші президенті, халық ақыны Көкен Шәкеевтің отбасында дүниеге келді.
Еркеш Шәкеев – әнші, сазгер, танымал заманауи әндердің авторы, 1999 жылы Австралиядағы «Pacificsongcontest» оңтүстік-тынық мұхиттық халықаралық әндер байқауының 3-ші сыйлығының лауреаты (әлемнің 40 елінен 3000 өтініш түскен байқау), дәл сол байқаудағы Британдық композиторлар мен ән авторлары академиясының (B.A.C.S.) «Best European Entry» арнайы марапатының иесі, «Тарлан» сыйлығының иегері, әр жылдарда бүкілодақтық «Жыл әні» телефестивалінің (Мәскеу) лауреаты атанды.
Музыкамен кәсіби түрде 1987 жылы республикалық «Жастар дауысы» жас дарындар байқауындағы жеңісінен (1-ші орын және көрермендер көзайымы жүлдесі) кейін айналыса бастады. Осы жеңістен кейін ол Тасқын Оқапов жетекшілік еткен «Арай» ансамбліне орындаушы-автор ретінде жұмысқа шақырылды.
Кейін ол тек жеке әншілікпен ғана айналысып қоймай, қазақстандық және ресейлік жұлдыздарға арнап көптеген әндер жазды. Ол әндер нағыз хитқа айналды. Оның әндерін «А-Студио», Анита Цой, Ани Лорак, Лайма Вайкуле, Батырхан Шүкенов, Нағима Есқалиева, Рахат Тұрлыханов, Нұрлан Бимурзин, Жұлдыз, Парвиз Назаров, Толқын Забирова, Владимир Ступин, «Дуэт L», «Мюзикола», «Дайана», «Восток», «Рахат-Лукум», «101» тобы және т.б. орындайды.