Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин
Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин 1966 жылы 23 наурызда Маңғыстау облысының Таушық ауылында дүниеге келді. Қазақ, білімі жоғары, техника ғылымдарының докторы, ҚР жаратылыстану ғылымдар академиясының мүше корреспонденті.
1990-1992 жылдары Алматы энергетикалық институтында «Жылуэнергетика қондырғылары» кафедрасының ассистенті.
1992-1993 жылдары ҚР Білім министрлігі жоғары білім бас басқармасының жетекші маманы.
1993-1995 жылдары Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, ғылыми хатшы.
1995-1999 жылдары Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде мұнайхимия факультетінің деканы.
1999-2000 жылдары Орталық-Азия университетінің Ақтау филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2000-2007 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Ақтау филиалының директоры, «Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2007-2008 жылдары «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2008-2011 жылдары «Азия Техно Сервис» ЖШС-нің директоры.
2011-2012 жылдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы.
2012 жылдың 12 қыркүйегінен Ақтау қаласының әкімі.
2-ші және 4-ші шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 20 жыл» мерекелік медалдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың екі алғысы хатымен марапатталған.