Досымжан Сахуұлы Бержанов 1950 жылы 4 қаңтарда Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техика ғылымының докторы (1996 ), профессор (1997), академик.
1973-1981 жылдары Жамбыл «Химпром» өндірістік бірлестігінде ауысым бастығы, цехтың аға шебері, технологы, фосфор секторының жетекшісі, цех бастығы. 1981 жылы Шымкент «Фосфор» өндірістік бірлестігінде аға шебер, Қазақ химия-технология институтының аға ғылыми қызметкері. 1981-1992 жылдары Жамбыл «Химпром» өндірістік бірлестігінде ауысым, бөлімше бастығы, жетекші инженер-технолог, бас инженердің орынбасары, 1992-1996 жылдары «Нодфос» өндіріс бірлестігінің бас инженері. 1996-1999 жылдары «Химпром» АҚ-ның бас инженері, «Қазфосфор» ААҚ-ның вице-президенті, «Нодфос» АҚ-ның президенті. 1999 жылдан «Химпром» АҚ-ның бас инженері. 2009 жылдан «Ахем Investment» ЖШС-нің бас директоры.
«Научное обоснование, разработка и внедрение ресурсосберегающих и малоотходных технологий в фосфорном производстве» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 3 монография, 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы, 15 авторлық куәлік пен патенттердің иегері.
Досымжан Сахуұлы Бержанов
Последние статьи автора