Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасов
Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасов 1979 жылы 28 сәуірде Астана қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2009 жылы Мемлекеттік басқару институтын, Карнеги Мэлон университетінің магистратурасын тәмамдаған.
2009-2011 жылдары - ҚР Президент әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің кеңесшісі. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы шахмат федерациясының вице-президенті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары, қауымдастығының кеңес мүшесі. 2013 жылы мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әкімшілік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионы, 1998 жылы Қазақстан, АҚШ, Үндістан, Ресей. Индонезия, Латвия, Дания, Испания, Югославия халықаралық шахмат турнирлерінің жеңімпазы, 1994-2009 жылдары Шахматтан халықаралық гроссмейстр.