Бұлытбай Мамытұлы Мамытов
Бұлытбай Мамытұлы Мамытов 1953 жылы 7 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1971-1976 жылдары Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, тамамдаған. Еңбек жолын сол жылы Шымкент қалалық прокурорының көмекшісі болып бастап, ОҚО прокурорының көмекшісі, облыстық прокуратураның тергеу басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1985-1990 жылдары Қазақстан Республикасы прокурорының көмекшісі, бас прокуратурада бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1990-2000 жылдары ҚР-ның Қазақ көліктік прокурорының орынбасары, ҚР-ның әуе көлік прокуроры, Жезқазған облысының прокуроры, Бас прокуратурада құқықтық статистика және мәлімет дайындау орталығы (Департаментінің) бастығы, Жамбыл облыстық әділет басқармасының бастығы. 2000-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры, Алматы қалалық прокурорының бірінші орынбасары. Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2005 жылдың маусымынан бастап Алматы қалалық сотының судьясы болған. 2010 жылдан бастап Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы. Философия ғылымының кандидаты. Қазақстан Республикасы прокуратурасының «Құрметті қызметкері».