Болат Хабижанов
Болат Хабижанов 1939 жылы 8 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Медицина ғылымының докторы (1982), профессор (1993), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1982).
1963 жылдан Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы) кіші, аға ғылыми қызметкер, 1978 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1981 жылы «Лекарственная аллергия у детей больных ревматизмом (клиника, диагностика, прогнозирование, профилактика)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері ревматология мәселелеріне арналған. 180-нен астам ғылыми жарияланымның авторы. 7 өнер-табыстық патенті бар.