Болат Қылышбайұлы Сұлтанов
Болат Қылышбайұлы Сұлтанов 1951 жылы 6 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Тарих ғылымының докторы, доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1983-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, тарих факультетінің сырттай бөлімінің деканы, доценті. 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Батыс Еуропа елдері бөлімінің бірінші хатшысы, меңгерушісі. 1995-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі, директор кеңесшісі, бірінші орынбасары. 2001-2002 жылдары - «Сыртқы саясат және анализ орталығы» ЖАҚ-ының директоры, «Қазақстан және қазіргі әлем» журналының бас редакторы. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасындағы Елшілігінің кеңесші елшісі. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бірінші Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты директорының бірінші орынбасары болған. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата кеңесінің мүшесі.
Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік жағдайы турасындағы 10 кітаптың, 200-ге жуық мақаланың авторы. Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының 4 ғылыми журналына жетекшілік етеді: «Общество и эпоха», «Казахстан-Спектр», «Analytic», «Central Asia's affairs».
«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үш алғыс хатымен марапатталған.