Болат Қамиұлы Бодаубай
Болат Қамиұлы Бодаубай 1940 жылы 7 сәуірде Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Жазушы, баспагер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының алғашқы сыйлығының иегері.
1963-1974 жылдары - қазіргі «Жас алаш» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1974-1976 жылдары - қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі. 1976-1984 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық қомитетінде жауапты қызметтерде болған. 1984-1996 - жылдары «Жалын» баспасының директоры, республикалық «Қазақстан» кітап саудасы бірлестігінің бас директоры, халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы. 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының аударма, редакциялау және Парламент актілерін шығару бөлімінің орынбасары, 1997-2003 жылдары осы бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
«Жас жүректер», «Желсіз түнде жарық ай», «Бір үйдің балалары», «Май жаңбыры», «Ескі дәптер шерткен сыр», «Қарт тергеушінің әңгімелері» атты кітаптардың авторы. Н.Носовтың романдарын, Ю.Алешковскийдің повестерін қазақ тіліне тәржімалаған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, бірнеше медальдармен марапатталған.