Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов
Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов 1972 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. 1993-1998 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-де саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша бiлiм алды. Одан кейiн Сарыағаш қаласындағы №13 кәсiптiк-техникалық училищеде ұстаз. 2001 жылдан бастап Сарыағаш ауданы әкiмi аппаратында, ОҚО ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасында, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң облыстық iшкi саясат департаментiнде, ҚР Президентi әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат басқармасында маман, бас маман болып қызмет атқарды. 2006-2008 жылдары облыстық iшкi саясат басқармасының бастығы. 2008-2009 жылдары ҚР Президентiнiң баспасөз қызметi ұйымдастыру секторының меңгерушiсi болып iстедi. ҚР Әдiлет министрлiгi дiни iстер жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары болды. 2010 жылдың наурыз айынан бері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.