Бақытжан Ертаев

Бақытжан Ертаев

Бақытжан Ертаев 1952 жылы 25 маусымда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1985 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын тәмамдаған. 1996 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабы Әскери академиясында оқыған. 1973-1980 жылдары - мотоатқыштар взводы, рота командирі. 1980-1982 жылдары - Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент құрамында мотоатқыштар батальоны штабының бастығы – командирінің орынбасары, 66-жеке мотоатқыштар бригадасында және 68-мотоатқыштар дивизиясының 188-мотоатқыштар полкында батаольон командирі болды. 1982-1985 жылдары – М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы. 1985-1992 жылдары - Кеңес әскерінің Германиядағы тобында 35-мотоатқыштар дивизиясы полк командирінің орынбасары, полк командирі. 1992 жылдары - Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғаннан бастап Казақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінде әскери қызмет өткерген. 1992-1997 жылдары – 97751-әскери бөлімінің командирі. 1996-1997 жылдары – 1-әскери корпустың командирі. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы. 1999 жылғы тамыздан бастап 1999 жылғы 13 қазанға дейін Қорғаныс министрінің міндетін атқарған. 2000-2002 жылдары – Шығыс әскери округі әскерлерінің колбасшысы. 2002 жылғы қаңтар-қырқүйекте - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясының бастығы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ҰҚШҰ әскери ынтымақтастығын үйлестіру штабында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі. 2003-2005 жылдары – Жауынгерлік даярлық жөніндегі құрлық әскерлері қолбасшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық жөніндегі бас басқармасының бастығы. 2005-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының Жауынгерлік даярлықты бақылау мен ұйымдастыру жөніндегі генерал-инспекторы. 2008 -2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Жауынгерлік даярлық жөніндегі штаб бастықтары комитетінің төраға орынбасары. 2009 – 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының бастығы. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Халық қаһарманы» құрмет атағымен, «Отан», «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Данқ» және басқада жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста