Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов
Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов 1958 жылы 14 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Мәскеу қаржы институтын, 1981 жылы - АХШИ-ды қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген, 1986 жылы - АХШИ аспирантурасын, 1987 жылы - Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген. 1979-1980 жылдары - Алматы облысы Мемлекеттік банкі кеңсесінің экономисі. 1981-1988 жылдары - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің аға экономисі, басқарма бастығының орынбасары. 1988 жылы - КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі Қазақ республикалық банкінің басқарма бастығы. 1988-1991 жылдары - Алматы орталық кооперативтік банкінің Басқарма төрағасы. 1991-1993 жылдары - «Центрбанк» Қазақ орталық акционерлік банкінің (ҚОАБ) Басқарма төрағасы. 1993 жылдан - «Центрбанк» ҚОАБ (1997 жылдан - «Банк ЦентрКредит» АҚ) Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы.
«Қазақстан Интернационалдық банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы (1993-2003). 1991 жылы - «Атамекен» қаржы-инвестициялық корпорациясының президенті. 1997 жылдан - «Атамекен» ҚӨТ Басқарма төрағасы. 1998-2003 жылдары «ТұранӘлем Банкі» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 1989-1992 жылдары КСРО коммерциялық банктерінің қауымдастығы Төралқасының мүшесі. 1992-1996 жылдары Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің президенті. 1993-1996 жылдары Америкалық-Қазақстандық іскерлік кеңесінің тең төрағасы. 1996 жылдан - ҚР Банктер қауымдастығының президенті. 1999 жылдан – «Отан» РСП Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы. 2001-2003 жылдары ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. 2003-2005 жылдары «ВМВ Мunai» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі. 2009 жылдан «BCC Securities» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2009 жылдан Халықаралық банктер қауымдастығының вице-президенті.
«Құрмет», «Достастық Жұлдызы» ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен; «Отан» РСП «Белсенді қызметі үшін» белгісімен марапатталған.