Бақытбек Әуенұлы Нақыпбеков
Бақытбек Әуенұлы Нақыпбеков 1967 жылы 11 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданының Шаян ауылында дүниеге келген. Қазақ тутыну кооперациясы институтының «Маркетинг және коммерция» факультетін (1997) «Маркетинг» мамандығы бойынша; «Қайнар» университетінің заң факультетін (Алматы қ., 2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан). 1984 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облысы Апғабас аудандық ақпараттық-есептеу стансасының операторы. 1985 жылдан - нан зауытының экспедиторы, 1988 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас аудандық тұтыну одағының экспедиторы. 1990 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданындағы аудандық дүкеннің аға тауартанушысы. 1992 жылдан - Шымкент облысы Алғабас аудандық тұтыну одағы төрағасының орынбасары. 1994 жылдан - «Алтын Орда» сауда-өнеркәсіп қауымдастығының бастығы. 1996 жылдан - «Нұрсұлтан» ШК директоры; Шымкент қалалық жер комитетінің төрағасы. 2001 жылдан - ОҚО Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы. 2005 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы. 2008 жылдан - Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша аймақаралық жер инспекциясының бастығы. 2010 жылдан бастап - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен (2007); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.