Бақыт Шалқарұлы Әбішев
Бақыт Шалқарұлы Әбішев 1965 жылы 25 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, заңгер.
1990-2005 жылдары - ОҚО Сайрам ауданы сот отырысының хатшысы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында прокуратура органдарының қызметкері, Жамбыл облыстық прокуратурасының басқарма бастығы, Т.Рысқұлов атындағы ауданның прокуроры, Тараз қаласы прокурорының міндетін атқарушы. 2005-2007 жылдары - Қарағанды облысы әділет департаментінің бастығы. 2007-2008 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу комитеті төрағасының орынбасары. 2008-2009 жылдары - 2008-2009 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары. 2009 жылы - ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы соты Аппараты бөлімі төрағасының кеңесшісі. 2009-2010 жылдары - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы. 2012-2013 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы. 2013 жылғы сәуірден бастап ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы.
«Астананың 10 жылдығы» медалімен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.