Асхат Елубайұлы Оразбек
Асхат Елубайұлы Оразбек 1976 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін математик, инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша тәмамдаған. Университетті бітірген соң Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы қолданбалы математика институтында, кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігінде, сондай-ақ жеке секторда мамандығы бойынша жұмыс істеді. 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі болды. 2006-2008 жылдары «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын атқарды, 2008 - 2010 жылдары «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бірінші басшысы болып жұмыс атқарды. 2010 жылғы маусымнан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. 2011 жылдың маусым айынан бастап - «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.