Асқар Жұмабайұлы Шоманов 1969 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін философ, философия пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Философия ғылымының кандидаты (1996). Доцент (2001). «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан).
1995 жылдың қазан айынан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің философия және ғылым әдістемесі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент. 1999 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының кеңесшісі, сектор меңгерушісі. 2002 жылдың наурыз айынан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер Институты директорының бірінші орынбасары 2005 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Тұңғыш Президент Қорының жанындағы Әлем экономикасы және саясат институты директорының бірінші орынбасары. 2007 жылдың наурыз айынан- ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық талдау орталығының меңгерушісі. 2008 жылдың ақпан айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің стратегиялық зерттеулерлер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары 2009 жылдың қазан айынан - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының басшысы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медапьдарымен марапатталған.
Асқар Жұмабайұлы Шоманов
Последние статьи автора