Асқар Ғаниұлы Қалиев
Асқар Ғаниұлы Қалиев 1972 жылы 12 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді бітірген, социолог, социология оқытушысы. Э.ғ.к. (1999). 1994-95 жылдары - «Айтим» фирмасы» ЖШС менеджері. 1995 жылы - ҚР Экспорттық-импорттық банкінің шетелдік несиелерге қызмет көрсетудің бірінші департаменті басқармасының маманы, ҚР СІМ Еуропа елдерінің жетекші басқармасының референті. 1995-98 жылдары - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінде (Вена қаласы) атташе, үшінші хатшы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы СІМ бірінші департаментінің халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау басқармасының үшінші хатшысы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы СІМ халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігі сыртқы байланыстар департаментінің көпжаты ынтымақтастық басқармасының бастығы. 2001-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы. 2006 жылдан - «Экспортты кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы. 2007-2009 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2009 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ Басқармасының төрағасы қызметін атқарған. 2011-2013 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
«ҚР-ның Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» (2005) медальдарымен марапатталып, ҚР Президентінің Алғыс хаттарын алған.