Асқар Байжігітұлы Можанов
Асқар Байжігітұлы Можанов 1973 жылы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1995 және 2010 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алды. 1995 жылдан 2004 жыл аралығында «Алтай» кәсіби-спорттық клубының директор орынбасары болып қызмет атқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облысы спорт және туризм басқармасының спорт бөлімі бастығының орынбасары, бастығы болып тағайындалды. 2004-2009 жылдары Өскемен қаласы дене шынықтыру және спорт, білім және спорт, спорт және туризм бөлімдерінде басшы қызметін атқарды. 2009 жылы 8 мамырдан 2011 жылдың 27 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 2011 жылғы 28 қазаннан Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басқарма бастығының орынбасары. 2013 жылдың 12 тамыз айынан АҚ «Орика-Қазақстан» корпоративтік мәселелер бойынша директор. 2013 жылдың 25 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басқарма басшысының міндетін атқарушысы болып тағайындалды.
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт саласы бойынша құрметті азаматы, кикбоксинг бойынша 5 дүркін әлем чемпионы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Мерекелік медалімен марапатталынған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.